10.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Абат Айымбетов өзбекстандық клубқа ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Адана Демирспор» клубының ойыншысы Абат Айымбетов Өзбекстанға келуі мүмкін. Шабуылшыға өзбектердің «Бунедкор» клубы қызығушылық танытып жатқан көрінеді, — деп хабарлайды Бірінші бол.

Championat.asia басылымының мәліметінше, Ташкент клубы 29 жастағы шабуылшыны өз қатарынан көргісі келеді.

Биылғы маусымда Абат Түркияның Суперлигасында 12 матч өткізіп, үш гол соқты. Дегенмен, оның клубы турнир кестесіндегі соңғы орында келеді. «Адана Демирспор» 17 матчтың тек екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде тең ойнаған. Қазақстандық шабуылшы уақыттың көп бөлігін қосалқы құрам сапында өткізіп жүр.

Ал, Қазақстан құрамасы сапында ол 44 ойынға қатысып, тоғыз голмен көзге түсті.