22.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Абат Айымбетов Уэльспен өтетін матч туралы пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов алдағы Уэльспен болатын ойынға қатысты өз ойын айтты.

«Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастаймыз деп үміттенемін. Уэльс – өте мықты құрама. Олар Ұлттар лигасында алты ойын қатарынан жеңіліс көрген жоқ. Дегенмен ертең жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенемін. Екі жыл бұрын Солтүстік Ирландияға қарсы соққан голымды қайталап, жанкүйерлерді тағы бір қуантқым келеді», – деді Айымбетов баспасөз мәслихатында.

Қазақстан ұлттық құрамасы 22-нен 23-наурызға қараған түні 00:45-те Уэльспен кездеседі.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!