22.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Абат Аймбетов «Адана Демирспордың» жағдайына қатысты пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Аймбетов Уэльс құрамасына қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында болашағына қатысты сұраққа жауап берді.

«Әрине, «Адана Демирспордың» Түркия Суперлигасынан шығып қалуы өкінішті. Бірақ бұл туралы көп айтқым келмейді, өйткені барлық ойым ертеңгі ойынға бағытталған. Бұл біз үшін өте маңызды матч. Түркиядағы маусым әлі аяқталған жоқ, болашағым туралы кейін көреміз», – деді Аймбетов.

Айта кетейік, «Адана Демирспор» маусымның аяқталуына 10 тур қалғанда Суперлигадан шығып қалды.

Қазақстан мен Уэльс арасындағы ойын 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!