08.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Абат Айымбетов румыниялық «Рапидке» ауысуы мүмкін

Абат Айымбетов румыниялық «Рапидке» ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының 29 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов Бухарестік «Рапид» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Golazo.ro-ға ілтеме жасап.

Қазір тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр. Ойыншы бұған дейін «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» және «Крылья Советов» командаларында өнер көрсеткен. Кейінгі бір жарым жыл түріктің «Адана Демирспор» клубында өнер көрсетті.

Өткен маусымда ол Түркия суперлигасында 27 матч өткізіп, 5 гол соққан.

«Бухарест Рапид» өткен маусымда Румыния суперлигасында бесінші орын алған болатын.