11.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Абай облысы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке құрмет көрсетті

Абай облысы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке құрмет көрсетті

Дзюдодан өтіп жатқан ел біріншілігіне арнайы қонақ болып барған дзюдошыға өңір басшысы құрмет көрсетіп, облыс атынан 10 млн теңге көлемінде сыйақы берді.

«Қазақстан дзюдосының символына айналған азаматтың Абай еліне келуі – жас спортшылар үшін зор мотивация. Оның қатысуы жарыстың деңгейін көтеріп қана қоймай, әрбір спортшыға үлкен мақсаттарға ұмтылудың маңызын көрсетеді», – деді өңір басшысы Берік Уәли.