Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Аарон Гейт «Хайнань турының» төртінші кезеңін жеңіп алды

XDS Astana Team құрамындағы велошабандоз Аарон Гейт Қытайда өтіп жатқан «Хайнань турының» төртінші кезеңінде жеңіске жетіп, командасына осы көпкүндіктегі екінші жетістікті сыйлады.

Жаңа зеландиялық спортшы қашықтықтың соңғы шақырымында шағын топ құрамында шабуыл жасап, шешуші жұлқыныспен негізгі топтан оқ бойы озып шықты.

— Бізде жарыс алдында нақты жоспар болды. Алдыңғы шепте агрессивті жүріп, жағдайды бақылауда ұстауымыз қажет еді. Соңында бірнеше қарсы шабуылды тойтарып, уақытты дөп басып, спринт басталды. Сәтін күтіп, бәрін дұрыс орындап шықтым, — деді Гейт жарыстан кейінгі сұхбатында.

Бұл жеңіс XDS Astana Team командасының көпкүндік турдағы позициясын нығайта түсті — Аарон Гейт жалпы есепте үшінші орынға көтерілді.