05.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ақтөбеде еліміздегі ең үлкен стадион бой көтермек

Ақтөбе қаласында 2025 жылы халықаралық стандарттарға сай көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталады, — деп хабарлайды insports.kz. Жаңа стадион 35 мыңнан астам көрерменге арналған еліміздегі ең ірі спорттық нысандардың біріне айналады. 

Бұл жоба өңірдегі спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге арналған басты алаң болмақ. Бастапқыда стадионның сыйымдылығы 30 мың орын болады деп жоспарланған еді, алайда жоба қайта қаралып, сыйымдылық 35 мың адамға дейін ұлғайтылды. 

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы негізгі футбол аренасы – Қобыланды батыр атындағы орталық стадион. Оның сыйымдылығы шамамен 12800 орын. 

Жаңа стадионның құрылысы аяқталғаннан кейін, ол өңірдегі спорттық инфрақұрылым едәуір жақсартып, халықаралық деңгейдегі жарыстар мен мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.