07.10.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Манчестер Ситиге» қатысты сот шешімі шықты

Ағылшындық «Манчестер Сити» футбол клубы АПЛ түсірген шағым бойынша сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды aladop.kz. Шейхтар иелік ететін командаға футбол базарында ақшаны оңды-солды жұмсап, қаржылық фейр-плейді сақтамаған деген айып тағылған болатын.

Егер қаржылық шығын мен табысында тепе-теңдік сақталмаған жағдайда “қалалықтар” (МС атауы) осы кезге дейінгі алған титулдарынан бір сәтте айрылып қалуы мүмкін еді. Бұл даулы мәселе Хосеп Гвардиоланың әр баспасөз мәслихатында айтылып, бапкер үшін жауыр болған тақырып. Ситидің “күндестері” де соттың шешімін үмітпен күтіп, “көктердің” төмен құлдырауын қалаған. Бірақ, шейхтар АПЛ мен оған қарсы шағым білдірген клубтардың жоспарын күл-талқан етті. Ағылшын соты “Манчестер ситидің” келтірген дәлелдемелерін оң қабылдап қана қоймай, АПЛ басшылығы клубқа қысым көрсеткен деген шешім шығарып берді. Иә, ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң-талдаңда деп бекер айтылмаған екен ғой. Міне, соның айқын дәлелі “МС” сүттен ақ, судан таза боп шыға келді.