07.02.2026
Оқу уақыты: 1 мин

Дэвис кубогы: Қазақстан мен Монако матчында таразы басы теңесті

Дэвис кубогы: Қазақстан мен Монако матчында таразы басы теңесті

Астана қаласында Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Монако арасында плей-офф матчы басталды.

Ойынды Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен Уго Нис ашты. Бастапқы сетте Бублик қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 6:0. Александр екінші сетте де 2:0 есебімен алға кетті. Ақыры ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.

Кортқа екінші болып рейтингіде 87-орындағы Александр Шевченко мен әлемнің 27-ракеткасы, Монако командасының көшбасшысы Валантен Вашро шықты. Бірінші партия монаколық теннисшінің айқын басымдылығымен өтті — 6:0. Екінші сетте Шевченко 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Есесіне Вашро қатарынан бес гейм алды — 6:3.

Осылайша, қос команда арасындағы есеп теңесті — 1:1.

Қазақстан мен Монако арасындағы матч сенбі күні жалғасады. Бұл күнге үш бәсеке жоспарланған.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.
Lexus. Experience Amazing
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз