31.01.2026
Оқу уақыты: 1 мин

Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға қайта оралады

Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға қайта оралады

Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков мәлім етті.

«Әуесқой бокстан ұлттық құрамада болған спортшылардың бірі Қамшыбек кәсіби боксты жалғастырады. Бүгінде оған қызықты ұсыныстар түсіп жатыр»,- деді ол.

 Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев 2020–2022 жылдар аралығында кәсіби бокста бақ сынаған болатын.