20.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аркадий Шестаковтың командасы ҚХЛ-дағы жеңіліс сериясын үзді

Аркадий Шестаковтың командасы ҚХЛ-дағы жеңіліс сериясын үзді

Новосибирск қаласында Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы матч аяқталды. Онда жергілікті «Сибирь» Владивостоктың «Адмирал» клубымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сибирь-Арена» стадионында өткен кездесуде қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Владивосток клубының сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаков өнер көрсетеді.

Құрлықтық хоккей лигасының осы маусымында «Сибирь» 36 матч өткізіп, 28 ұпай жинады және Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 11-орында тұр. Ал «Адмирал» 34 кездесуден кейін 30 ұпаймен Шығыста 10-орынды иеленіп отыр.