20.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дияр Нұрғожайдың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Дияр Нұрғожайдың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық UFC файтері Дияр Нұрғожайдың (10-2) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал инсайдер Марсель Дорффтың айтуынша, Нұрғожай 2026 жылдың 7 наурызында Лас-Вегастағы (Невада штаты) UFC 326 турнирінде октагонға оралады. Қазақстандық файтер бразилиялық Рафаэль Тобиаспен (14-1) кездеседі.