20.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жеңіс» грузиялық ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Жеңіс» грузиялық ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Елордалық «Жеңіс» 31 жастағы грузиялық қорғаушы Зураб Тевзадземен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншының жаңа келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жасалды.

Грузиялық ойыншы 2024 жылдың ақпан айында «Диладан» «Жеңіске» ауысты. Өткен маусымда Тевзадзе астаналық клуб сапында ҚПЛ-да 26 матч өткізіп, екі гол соқты.