09.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қызылжар» жартылай қорғаушысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Қызылжар» жартылай қорғаушысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Петропавлдың «Қызылжар» командасы 23 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Елеукинмен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz

Мирас Елеукин — петропавлдық «Қызылжардың» түлегі. Өткен маусымда ол команда сапында Премьер-лигада 20 матч өткізді.