04.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» Эрик Гарсиямен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартады

«Барселона» Эрик Гарсиямен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартады

«Барселона» испаниялық қорғаушы Эрик Гарсиямен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос тарап алдағы аптада ресми құжаттарға қол қояды, деп жазады белгілі инсайдер Фабрицио Романо. Жаңа шарт бес жылға жарамды болмақ.

«Жаңа шарттың соңғы бөліктері қаралуда. Эрик клубпен келісімшартын ұзартады»,-деп растады каталониялық клубтың спорт директоры Деку.