04.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Елімай» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Елімай» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Семейлік «Елімай» 26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Жан Али Пайрузбен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жасар ойыншы семейлік клуб сапында 2024 жылдан бері ойнап келеді. Дебюттік маусымда Пайруз төрт гол соқты, ал 2025 жылғы маусымда ол 1557 минут ойнап, алты гол соғып, нәтижелі пас берді.