02.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қызылжардың» қақпашысы командадан кетеді

«Қызылжардың» қақпашысы командадан кетеді

Тәжірибелі қақпашы Джурахон Бабаханов «Қызылжардан» кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жастағы қақпашы петропавлдық клуб сапында үш маусым ойнап, 17 кездесу өткізген.

Бабаханов – «Тараз» футбол мектебінің түлегі. Ол бұған дейін «Оқжетпес», «Жетісу», «Ертіс» командаларында Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ойыншы туған қаласы, Бірінші лигада өнер көрсететін «Тараз» командасына оралуы мүмкін.

«Қызылжар» маусымды 27 ұпаймен тоғызыншы орында аяқтап, Қазақстан кубогының жартылай финалына да шықты.