02.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бадминтоннан Астанада өтетін турнирге 40-тан астам ел бақ сынайды

Бадминтоннан Астанада өтетін турнирге 40-тан астам ел бақ сынайды

17-21 желтоқсан аралығында Астанада бадминтоннан ірі халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жарысқа 43 елдің спортшылары қатысады.

Турнирге қатысушылардың қатарында Дмитрий Панарин бастаған Қазақстан құрамасы да бар.

Жекелей, жұптық және аралас сайыстар бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Astana International Challenge 2025 турнирі Beeline Arena-да өтеді.