28.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Макс Уиллман «Салават Юлаевқа» қарсы матчтың үшінші жұлдызы атанды

Макс Уиллман «Салават Юлаевқа» қарсы матчтың үшінші жұлдызы атанды

Уфада ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өткен «Салават Юлаев» – «Барыс» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында айдын иелері 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Жеңімпаз команда қатарында Девин Броссо (дубль), Шелдон Ремпал (дубль), Джек Родевальд, Дин Стюарт және Артём Пименов шайба салды. «Барыс» сапынан Макс Уиллман (дубль), Майк Веккионе және Райли Уолш гол авторлары атанды.

Кездесудің бірінші жұлдызы болып Уфа клубының шабуылшысы Шелдон Ремпал танылды, ол 4 (2+2) ұпай жинады. Матчтың екінші жұлдызы «Салават Юлаев» қорғаушысы Дин Стюарт атанды, ол үш нәтижелі паспен көзге түсті.

Астаналық команданың шабуылшысы Макс Уиллман дубль жасап, кездесуінің үшінші жұлдызы атанды.