28.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Тунистегі жарыстың 1/4 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Тунистегі жарыстың 1/4 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласындағы ITF M15 турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Омарханов Ноа Лопеспен (Швейцария) кездесті.

Кездесу 7-6, 6-0 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Омарханов ширек финалда Чираг Духанмен (Үндістан) кездеседі.