27.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Дзюдодан Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының соңғы тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Аталған додада 14 қазақстандық балуан жүлдеге таласады. Соның ішінде 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар.

Ерлер

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев

73 келіге дейін: Есет Қуанов

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Әйелдер

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

Турнир 28-30 қараша аралағында өтеді.