25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Игитаның «Пяст» клубына қарсы матчта не үшін алаңға шықпағаны білгілі болды

Игитаның «Пяст» клубына қарсы матчта не үшін алаңға шықпағаны білгілі болды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Семей» клубының қақпашысы Лео Игитаның Чемпиондар лигасы аясында өткен «Пястқа» қарсы матчта неге алаңға шықпағаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жаңдай туралы семейлік клубтың бас бапкері Аслан Смақов пікір білдірді:

«Игитаның ойнамағаны — менің шешімім. Ол әрқашан біздің құрамда. Оны ойынға қоспақ болдым, бірақ сол сәтте есеп біз үшін қолайлы еді, тәуекел еткім келмеді», — деді бас бапкер матчтан кейінгі сұхбатынды.

Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Енді жұптың тағдыры Гливицедегі жауапты матчта шешіледі. «Семей» УЕФА футзал Чемпиондар лигасы плей-оффындағы шешуші ойынға дайындықты жалғастырады.