24.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Копенгаген» – «Қайрат» арасындағы ойында шотландиялық төрешілер қызмет етеді

«Копенгаген» – «Қайрат» арасындағы ойында шотландиялық төрешілер қызмет етеді

Чемпиондар лигасының бесінші турындағы «Копенгаген» мен «Қайрат» арасындағы ойынға шотландиялық Ник Уолш бастаған төрешілер қазылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бас төреші: Ник Уолш;
Көмекшілері: Фрэнсис Конор, Даниэль Макфарлан;
Төртінші төреші: Дональд Робертсон;
VAR: Михаэль Салисбери (Англия), Роберт Шредер (Германия).

Алматылық клуб Чемпиондар лигасының бесінші турында «Копенгагенмен» болатын ойынға қатысу үшін Данияға жолға шықты.

Қос команда арасындағы ойын 26 қараша күні 22:45-те басталады. Матч Копенгаген қаласындағы «Паркен» стадионында өтеді.