24.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бексұлтан Мақыш Канадада өткен матчта екі нәтижелі пас берді

Бексұлтан Мақыш Канадада өткен матчта екі нәтижелі пас берді

Қазақстандық хоккейші Бексұлтан Мақыш ойнайтын «Виндзор Спитфайрз» командасы Канададағы OHL (Онтарио хоккей лигасы) тұрақты маусымында «Гелф Шторм» командасын өз алаңында жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 5-1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Жеңіске жеткен команда cапында Карсон Вудалл, Максим Броклхерст, Жан-Кристоф Лемье, Коул Дэвис және А.Дж. Спелласи гол соқты.

«Виндзор Спитфайрз» командасының 17 жастағы шабуылшысы Бексұлтан Мақыш екі нәтижелі пас берді.