21.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ризабек Айтмұхан Исламиада ойындарында Олимпиада чемпионын жеңді

Ризабек Айтмұхан Исламиада ойындарында Олимпиада чемпионын жеңді

Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Олимпиада чемпионын жеңіп финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

97 келі салмақта сынға түсіп жатқан еркін күрес шебері Исламиада ойындарының жартылай финалында Париж Олимпиадасының чемпионы, Бахрейн спортшысы Ахмед Тажудиновты 15:3 есебімен тізе бүктірді.

Финалдық кездесуде Ризабек Айтмұхан ирандық Азарпира Амиралимен кездеседі.