21.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының футболшысы желтоқсан айында «Хартста» жаттығуды бастайды

Қазақстан құрамасының футболшысы желтоқсан айында «Хартста» жаттығуды бастайды

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубына ауысу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

14 қарашада ойыншы клуб басшылығымен бейнеконференция арқылы соңғы келіссөздер жүргізді.

Келіссөзден кейін тараптар алдын ала келісімшартқа қол қойды. Бұл Чесноковқа желтоқсан айында «Хартстың» жаттығу базасында жаттығуды бастауға мүмкіндік береді. Шотландия футбол қауымдастығында ресми тіркеу қаңтар айына жоспарланған, содан кейін қазақстандық футболшы команданың ойындарына қатыса алады.

Биылғы маусымда жартылай қорғаушы «Тобылмен» Қазақстан кубогын жеңіп алды, Қазақстан Премьер-лигасында үшінші орынға ие болды.