21.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аружан Сағындықова Мысырдағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті

Аружан Сағындықова Мысырдағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Сағандықова Маддалена Джорданомен (Италия) кездесті.

Кездесу 6-2, 6-1 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Үшінші раундта Сағындықова Полина Кухаренкомен (Беларусь) кездеседі.