20.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Free Fire әлеміндегі ең ірі мобильді турнир рекорд жаңартты

Free Fire әлеміндегі ең ірі мобильді турнир рекорд жаңартты

Garena Free Fire Finals 2025 ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына «ең ірі мобильді командалық киберспорт турнирі» ретінде енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің іріктеу кезеңдеріне жалпы саны 618 мыңға жуық ойыншы қатысқан. Жарыстың жүлде қоры 1 миллион долларды (шамамен 522 млн теңге) құрады. Чемпион атанған Buriram United командасы 300 мың доллар (шамамен 156 млн теңге) ұтып алды.

Free Fire — 2017 жылы шыққан battle royale жанрындағы тегін мобильді ойын. Ол бірнеше жыл қатарынан әлемдегі ең танымал мобильді жобалардың бірі болып келе жатыр. 2022 және 2023 жылдары дүние жүзінде ең көп жүктелген ойын атанған.

Айта кетейік, Free Fire 2026 жылы өтетін EWC бағдарламасына да енгізілген. Сонымен қатар турнир тізімінде Dota, CS2 және Valorant секілді басқа да ірі киберспорттық ойындар бар.