20.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лукас: «Түнгі екіде әуежайға келгендер — менің ең үлкен жеңісім»

Лукас: «Түнгі екіде әуежайға келгендер — менің ең үлкен жеңісім»

Бокстан IBO, WBF және WIBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Ангелина Лукас Египетте өткен WBA белбеуі үшін жекпе-жектен кейін елге оралған сәттегі жүрекжалғар жағдайды айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ангелина әлеуметтік желіде түнгі екіде Алматы әуежайына жиналған жанкүйерлерге жүрекжарды алғысын жеткізді. «Сөзбен айтып жеткізу қиын. Түннің бір уағында мені күтіп алғандарыңызға мың алғыс. Балалар ұйықтамай келді, десантшыларымыз да келді. Сол сәтте көзіме жас келді. Бізден басқа ешкім жоқ. Қиын кезде де, қуанышты сәтте де — бірге екенімізді осы түн тағы дәлелдеді. Қандай жағдай болмасын, жанымда жүргендеріңіз маған күш береді», — деп жазды ол.

Ол сонымен бірге даулы шешіммен аяқталған жекпе-жекке қарамастан, елдің қолдауы өзі үшін нағыз жеңіс болғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, 14 қарашада Каирде (Египет) Ангелина Лукас WBA-Gold белбеуі үшін Кэрин Реннимен жұдырықтасып, америкалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.