20.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы командадан кетті

«Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы командадан кетті

Қарағандылық «Шахтер» 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Жаслан Қайыркеновтің кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шахтер» футбол клубы жартылай қорғаушы Жаслан Қайыркеновке қажырлы еңбегі мен кәсіпқойлығы үшін алғысын білдіреді. Оған мансабында табыс, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз», — деп жазды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.