19.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рахмоновтың дивизиондағы жағдайына UFC ресми талдау жасады

Рахмоновтың дивизиондағы жағдайына UFC ресми талдау жасады

UFC ресми сайты жартылай орта салмақтағы қазіргі ахуалға кең көлемді талдау жасап, өткен аптадан бері белбеу иесі атанған Ислам Махачевтен кейінгі негізгі үміткерлердің жағдайын саралады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Негізгі фавориттердің тізімінде төртінші орында тұрған қазақстандық Шавкат Рахмонов та бар. Дегенмен ұйым оның ұзақ үзілісінен кейін басқа бәсекелестерді «қуып жетуіне» тура келетінін атап өтті.

UFC дерегінше, 2024 жылдың соңында Иэн Гарриді жеңгеннен кейін дивизион айтарлықтай өзгерген. Ал Рахмоновтың жарақат алып, ұзақ уақытқа қатардан шығуы оның бұрынғы үздік үміткер мәртебесіне күмән тудырған. «Рахмоновтың бірінші нөмірлі претендент ретіндегі статусы өз жарқылын жоғалтты… оған титулға ұмтылмас бұрын тағы бір жеңіс қажет болуы мүмкін», — деп жазады UFC.com.

Ұйым «Номадты» қайтадан алдыңғы қатарға шығара алатын ықтимал қарсыластарды да атады. Олардың ішінде Майкл Моралес, Габриэл Пратес, Джек Делла Маддалена, сондай-ақ Белал Мухаммад бар (егер ол Катардағы жекпе-жекте Иэн Гарриді жеңсе). UFC сонымен қатар Рахмоновтың Мачадо Гарриді бұрын жеңгенін де еске салды.