17.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы: Қазақстан семсерлесушілері екі медаль жеңіп алды

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы: Қазақстан семсерлесушілері екі медаль жеңіп алды

Ташкентте (Өзбекстан) қылыш қаруымен семсерлесуден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы екі жүлде еншіледі. Екеуі де командалық сайыста олжаланды.

Қыздар арасында Қайша Жәнібек, Наргиз Сайдуллаева, Адема Серікбай және Адиля Рсалина күміс жүлдегер атанды.

Сол сияқты ұлдар құрамасы да екінші орынға ие болды. Нұрмұхаммед Жайлыбай, Сұлтан Станбек, Қанат Шерім және Ерхан Қараман жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, осыған дейін кадеттер арасындағы Әлем кубогында Айбар Қайым чемпион атанған еді.