17.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Норвегия сырт алаңда Италияны ойсырата жеңді

Норвегия сырт алаңда Италияны ойсырата жеңді

Әлем чемпионатына іріктеу аясында Италия мен Норвегия арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Италияның Милан қаласындағы Сан-Сиро (Джузеппе Меацца) стадионында ойнады. Матчты Алехандро Эрнандес (Испания) бастаған төрешілер тобы басқарды. Қонақтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Скандинавиялықтардың жұлдызды шабуылшысы Эрлинг Холанд клубтасы Джанлуиджи Доннарума қорғаған қақпаға екі гол соқты.

Норвегия I тобында бірінші орын алып, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Құрама соңғы рет 1998 жылы Францияда өткен әлем чемпионатына қатысқан.

Италия құрамасы турнирге жолдама алу үшін плей-офф кезеңіне қатысады.