17.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WTA рейтингі: Рыбакина мен Путинцева алғашқы жүздіктің ішінде

WTA рейтингі: Рыбакина мен Путинцева алғашқы жүздіктің ішінде

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA Қорытынды турниріндегі сенімді жеңісінен кейін маусымды WTA әлемдік рейтингінде бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Юлия Путинцева Әйелдер теннис қауымдастығының рейтингінде 73-ші орында. Зарина Дияс төрт саты көтеріліп, 297-ші орынға жетті. Жибек Құламбаева 332-ші орында.

Жұптық сында Анна Данилина 15-ші орында тұр.