14.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Айбар Қайым кадеттер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Айбар Қайым кадеттер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі Айбар Қайым Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы қылыш қаруымен айқасудан өткен жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Финалда Қайым венгриялық Кенде Фодорды 15:12 есебімен жеңді.