14.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жастар құрамасы үшінші ойын қатарынан жеңіліп қалды

Қазақстан жастар құрамасы үшінші ойын қатарынан жеңіліп қалды

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Словакияға қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында отандастарымыз алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 11-минутында Рамазан Бағдат мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Бірінші кезеңде басқа гол соғылған жоқ.

Екінші кезеңде словакиялық құрама сапынан 52, 60-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, қазақстандық жастар D тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін өз алаңында Андорраны (1:0) жеңсе, Англияға (0:2), Андорраға (0:1) есе жіберді.

Енді отандастарымыз 17 қарашада өз алаңында Молдованы қабылдайды.