14.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Соня Жиенбаева АҚШ-тағы турнирдің 1/2 финалына шықты

Соня Жиенбаева АҚШ-тағы турнирдің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева мен америкалық Саванна Бродус Техас штатының Остин қаласында өткен ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда Соня мен Саванна ресейлік Анастасия Гурьева мен Екатерина Хайрутдинова дуэтін 6-2, 6-4 есебімен жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық-америкалық дуэт София Домингес (Венесуэла) және Эрин Каэтано (АҚШ) кездеседі.

Еске сала кетейік, Соня Жиенбаева 19 жаста және екі ITF жекелей сында титул жеңіп алған.