13.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Халықаралық дзюдо федерациясы Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Grand Slam турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Аталған додада ел намысын қорғайтын ұлттық құрама тізімі:

Ерлер

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев

73 келіге дейін: Есет Қуанов

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Әйелдер

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Турнир 28-30 қараша аралығында өтеді.