13.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстанның үздік мәнерлеп сырғанаушысы Golden Spin of Zagreb жарысында өнер көрсетеді

Қазақстанның үздік мәнерлеп сырғанаушысы Golden Spin of Zagreb жарысында өнер көрсетеді

Қазақстанның үздік мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина 3–6 желтоқсан аралығында Хорватияның Загреб қаласында өтетін беделді Golden Spin of Zagreb турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған жарыс ISU Challenger сериясына кіреді және оған әлемнің үздік спортшылары қатыспақ. Олардың қатарында Бельгия өкілі, әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері (2022 жылы — күміс, 2023 жылы — қола) Луна Хендрикс бар. Ол қазақстандық спортшының басты қарсыластарының бірі саналады.

Бұған дейін Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алып, әлемдік деңгейдегі бірнеше үздік спортшыны артта қалдырған болатын.