13.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

УЕФА Еуропа чемпионаты-2028 өткізілетін стадиондар мен күндерді бекітті

УЕФА Еуропа чемпионаты-2028 өткізілетін стадиондар мен күндерді бекітті

УЕФА 2028 жылы Ұлыбритания мен Ирландияда өтетін Еуропа чемпионатының матч кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 9 маусымда Кардиффте басталады — дәл Уэльс ұлттық стадионында A тобының ашылу матчы өтеді.

1/8 финал ойындарын сегіз арена қабылдайды, ал ширек финал барлық төрт қабылдаушы елде өтеді:

— «Дублин Арена» (Ирландия)

— «Хэмпден Парк» (Глазго, Шотландия)

— Уэльс ұлттық стадионы (Кардифф)

—  «Уэмбли» (Лондон, Англия)

ЕУРО-2028 додасының шешуші кезеңі толықтай Лондонда өтеді: жартылай финалдар 4 және 5 шілдеге белгіленген, финал — 9 шілдеде.

Матчтардың басталу уақыты — Орталық Еуропа жазғы уақытымен 15:00, 18:00 және 21:00. Финалдық ойын 18:00-де (жергілікті уақытпен 17:00) басталады.