12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Черчесов «Динамо» мен «Спартакқа» қатысты қауесетке жауап қатты

Черчесов «Динамо» мен «Спартакқа» қатысты қауесетке жауап қатты

«Ахмат» клубының бас бапкері Станислав Черчесов өз есімінің «Спартак» пен «Динамо» клубтарымен байланыстырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін кей БАҚ-та экс-бапкердің «Спартак» тізгінін ұстауы немесе Валерий Карпин кеткен жағдайда «Динамо» клубына тағайындалуы мүмкін екені жазылған еді.

«Күн ерекше басталды — бір маркетплейстен менің қолтаңбам қойылған суретімді “арзан бағада жеткізумен” сатып алуға болатыны туралы сілтеме жіберді. Ал енді маңыздысына келсек, маған ешқандай мәскеулік клубтардан хабарласқан жоқ. Мен қазір өз жұмыс орнымдамын және өз міндетімді орындап жүрмін. Мұндай қауесеттер менің командамның ішіндегі тұрақтылыққа әсер етеді. Егер біреу хабарласса, ашық айтамын. Ал әзірге 14 қарашада Грозныйға ұшамын — сонда «Рубинге» қарсы сырт алаңдағы матчқа дайындықты бастаймыз», — деді Черчесов «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін «Спартактың» бас бапкері Деян Станкович қызметінен кеткен болатын.