12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Николай Костов «Ақтөбедегі» қиындықтарды айтты

Николай Костов «Ақтөбедегі» қиындықтарды айтты

«Ақтөбе» биылғы маусымды бесінші орынмен аяқтап, соңғы жылдары алғаш рет еурокубоктарға қатыса алмады. Жазда жүлдеге таласқан команда соңында тұрақсыздыққа ұшырап, бір маусымда үш бас бапкер ауысты, деп жазды sport12.

Қыркүйекте бапкерлікке келген Николай Костов команда ішіндегі қиындықтарды алғаш рет ашық айтты.

«Эмоциялық тепе-теңдік пен өзара сенім жетіспеді. Соңғы турда «Ордабасыға» қарсы ойында да, киім ауыстыратын бөлмеде ауыр атмосфера сезілді. Кері энергия мен теріс пікірлер нәтижеге әсер етті».

Костов нақты жоспар мен жүйе болмаған жағдайда табысқа жету мүмкін емес екенін, әр детальға — жаттығу алаңынан алаң сапасына дейін — назар аудару керегін атап өтті.