12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Оскардың жүрегінен ақау табылып, ол ауруханаға жеткізілді

Оскардың жүрегінен ақау табылып, ол ауруханаға жеткізілді

«Челси» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Оскар веложаттығу кезінде есінен танып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Global Esporte мәліметінше, оқиға сейсенбі күні Оскар ойнайтын «Сан-Паулу» клубының жаттығуында болған. Ол өткен қыста Қытайдың «Шанхай» командасынан туған клубына оралған еді. Қайтып келгеннен кейін 21 матч өткізіп, тамыз айында жарақат алған. Сол уақытта медициналық тексеріс барысында жүрек жұмысына қатысты қиындықтар анықталған, алайда дәрігерлер оған мансабын жалғастыруға рұқсат берген.

Қазір Оскар дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, футболшы мансабын аяқтауға мәжбүр болуы мүмкін.

Оскар «Челси» сапында екі мәрте Англия чемпионы атанып, Еуропа лигасын жеңіп алған. Сондай-ақ Бразилия құрамасында 48 ойын өткізіп, 12 гол соққан.