12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының кестесі жарияланды

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының кестесі жарияланды

20-23 қараша аралығында Бейжіңде өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының кестесі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда турнирді 20 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 13:00-де Оңтүстік Кореяға қарсы матчпен бастайды. Екінші матч 22 қарашада сағат 16:30-да Қытайға қарсы өтеді. Команда топтық кезеңдегі соңғы ойынын 23 қарашада сағат 13:00-де Жапонияға қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылдың қарашасында Алматыдағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.