12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кукушкин Франциядағы жарыстың екінші айналымына шықты

Кукушкин Франциядағы жарыстың екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Францияның Лион қаласында өтіп жатқан Challenger турнирінің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық британдық Билли Харристі 7-6, 7-5 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 40 минутқа созылды.

Келесі айналымда қазақстандық француз Лукас ван Асшемен кездеседі.