12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақ жастары хорватиялық құрдастарын жеңді

Қазақ жастары хорватиялық құрдастарын жеңді

Қазақстан U17 құрамасы Еуро-2026 бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Хорватияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хорватияда өткен матчта қазақстандық футболшылар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасынан Ислам Рақым мен Расул Әкімов гол соғып көзге түсті.

Енді құрамамыз 14 қараша Нидерландпен күш сынасады. Одан кейін Албаниямен (17.11) кездеседі.

Айта кетейік, топтан іріктеудің екінші кезеңіне екі құрама жолдама алады.