12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ислам Махачев келесі қарсыласы кім болатынын айтты

Ислам Махачев келесі қарсыласы кім болатынын айтты

UFC-де жартылай орта салмаққа көтерілуге бел байлаған Ислам Махачев келесі айқасы жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік жауынгер 77 келі салмақтың титулын жеңгеннен кейін Усман Камарамен төбелеспек ниеті барын мәлімдеді:

«Джектен кейін… Бәлкім, Камара… Ол осы салмақта ең көп чемпиондық атағын қорғаған. Оның мүмкіндігі көбірек», — деді Ислам Махачев өзінің кезекті сұхбатында.

Айта кетейік, Ислам Махачев (27-1) 16 қараша күні Нью-Йоркта жартылай орта салмақтың чемпионы Джек Делла Маддаленамен (18-2) айқасады.

Осы салмақта чемпиондыққа басты үміткер Шавкат Рахмонов келесі жылы UFC-ге оралады деп күтілуде.