12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ламин Ямаль жарақатына байланысты ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

Ламин Ямаль жарақатына байланысты ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

Испания ұлттық құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль жарақатына байланысты қатардан шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барселона» клубының ресми ақпаратына сенсек, вингерге шап жарақатына байланысты радиожиілік ем жасалыпты.

Осыған байланысты Испания құрамасының алдағы матчтарына қатыспайды.

Испания футбол федерациясы бұл емнің құрамаға ескертусіз жасалғанына наразы болып отыр. Құрама Ламиннің ойнамайтынын кеше ғана біліпті.