11.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

“Алтай” Премьер лигадағы дебютіне қаржылық дайындықты бастады

“Алтай” Премьер лигадағы дебютіне қаржылық дайындықты бастады

Өскеменнің «Алтай» футбол клубы келесі маусымда Қазақстанның жоғары дивизионында өнер көрсетуге дайындықты ерте бастап кетті. Команданың қажетті инфрақұрылымы мен ұйымдастыру жұмыстары үшін алғашқы қадамдар жасалды, деп жазды aladop.kz сайты.

Дядя Ваня телеграм арнасының мәліметінше Мемлекеттік сатып алулар сайтында “спорттық және соған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру қызметі» бойынша тендер жарияланды. Тапсырыс беруші — Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Аймақ басшылығы өңірдегі футболды дамыту және жаңа маусымға дайындық мақсатында жалпы 583 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл қаражат ерлер командаларының (жоғарғы және бірінші лига), сондай-ақ әйелдер құрамасының келесі маусымға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталмақ. Қызметті орындау мерзімі — 2026 жылдың 31 наурызына дейін, бұл Қазақстандағы жаңа футбол маусымының басталуымен тұспа-тұс келеді.

Алдағы маусымда толыққанды қатысу үшін тағы да қосымша тендерлер өткізілуі мүмкін деген болжам бар.

Еске салайық, «Алтай» 2025 жылғы бірінші лига маусымында 3-орын алып, тарихи түрде Премьер лигаға жолдама алған болатын.