11.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бұрынғы UFC файтері АҚШ түрмесінде қайтыс болды

Бұрынғы UFC файтері АҚШ түрмесінде қайтыс болды

Бразилиялық файтер Годофредо Пепей жексенбі күні АҚШ-тың Флорида штатындағы камерасында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның өлімінің мән-жайы әзірге айтылмады.

38 жастағы файтер Дирфилд-Бичте әйелі Самара Меллоға шабуыл жасады деген айыппен 2025 жылдың 30 маусымынан бері темір торда отырған болатын. Оған сондай-ақ адам ұрлау және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды.

Годофредо Кастро ММА-да 22 кәсіпқой жекпе-жекке қатысып, 14 жеңіс пен 7 жеңіліске қол жеткізген.